Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 212 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 16 мамырда № 9198-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінін міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығымен сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2- қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким Глубоковского района Э. Тумашинов

  Глубокое ауданының әкімдігі
2025 жылғы 12 мамырдағы
№ 212 қаулысына
1- қосымша

Глубокое ауданының аумағына стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру орындары

    №

Нақты орналасқан жері

Орналасқан алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын маңдағы инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Алтай ауылы, Мира көшесі, № 20 үйдің жанында

60

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Иволга" дүкені

2

Веселовка ауылы, Гагарин көшесі № 44, "Шафран" кафесі ғимаратының жанында

16

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

жоқ

3

Березовка ауылы, Юбилейная көшесі, № 2 үйдің жанында

4

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"На троих" дүкені

4

Прапорщиково ауылы, Школьная көшесі, № 18, "Қазпошта" акционерлік қоғамының филиалы ғимаратының жанында

15

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"L-market" дүкені

5

Уварово ауылы, Жаңа жол көшесі, № 21, "Уваровское" шаруа қожалығының асханасының жанында

20

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Надежда" дүкені

6

Кожохово ауылы, Ленин көшесі № 3 үйдің жанында

15

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Анжелика" "Колорит" дүкендері

7

Предгорное ауылы, Ленин көшесі, № 22 үйдің жанында

10

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

жоқ

8

Быструха ауылы, Новостройка көшесі №11/а, "Қазпошта" акционерлік қоғамының филиалы ғимаратының жанында

20

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Виктория","Центральный","Ермак" дүкендері

9

Малоубинка ауылы, Клиновицкий көшесі, "Обелиск" ауданы

10

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Универсам" дүкені

10

Опытное поле ауылы, Береговая, № 7 және Центральная, № 1 көшелерінің қиылысында

10

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Ликур" дүкені

11

Секисовка ауылы, Шоссейная көшесі, № 237/1, "Абайхан" дүкенінің жанында

6

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Абайхан" дүкені

12

Белокаменка ауылы, Центральная көшесі, ауылдық округ әкімдігі ғимаратының жанында

6

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Николь" дүкені

13

Тарханка ауылы, Степная көшесі, № 58 үйдің жанында

8

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Гастроном на Степной" дүкені

14

Винное ауылы, Молодежная көшесі, № 13 үйдің жанында

4

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Удача" дүкені

15

Горная Ульбинка ауылы, Шоссейная көшесі, № 17 үйдің жанында

12

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Ульбинка" дүкені

16

Ново-Ульбинка ауылы, Абай көшесі, №49, "Перекресток" дүкенінің жанында

4

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Перекресток" дүкені

17

Черемшанка ауылы, Гагарин көшесі, № 19 үйдің жанында

15

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"Наргиз" дүкені

18

Черемшанка ауылы, Лениногорская көшесі, № 33 үйдің жанында

45

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату)

"SV" дүкені

  Глубокое ауданының әкімдігі
2025 жылғы 12 мамырдағы
№ 212 қаулысына
2 - қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 маусымдағы № 175 қаулысы "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4565 болып тіркелген).

      2. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 350 қаулысы "Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 маусымдағы № 175 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5184 болып тіркелген).

      3. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 204 қаулысы "Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 маусымдағы № 175 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5989 болып тіркелген).

      4. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 132 қаулысы "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 175 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8829-16 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады