1. Өскемен қалалық мәслихатының "Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9032-16 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";
келесі мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен нормалар шегінде Қағидаға сәйкес есептелінеді.";
6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.
Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі алты жұмыс күнін құрайды.".
2. "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Өскемен калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы | А. Светаш |
