"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
| Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 243 қаулысына қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 280 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25817 болып тіркелген).
2. "Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 280 "Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 196 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5092-06 болып тіркелген).
3. "Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 280 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 293 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5249-06 болып тіркелген).
