Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын-үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 151/13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 7750-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі басылымда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі басылымда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағида айқындалсын".
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырып келесі басылымда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағида"
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 3-тармақ жаңа басылымда жазылсын:
"3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін көрсетілетін қызметті берушімен келесі нормалар шегінде есептеледі:
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;
2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:
бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;
бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;
4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығарып тастау (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
6) жедел сатыға қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін, жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 6-тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтү
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты аппаратының интернет - ресурсында және оны ресми жарияланғаннан кейін жергілікті баспа басылымында орналастыру.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы | С. Бекшенов |
