"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 10/6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 қазандағы № 26/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қазанда № 37226 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 10/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7736-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидаларын бекіту мен мөлшерін айқындау туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      қосымшада тақырып жаңа редакцияда жазылсын "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидаларын бекіту мен мөлшерін айқындау";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

      1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

      2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

      бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

      бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

      4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

      6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

      7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

      8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

      10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.";

      6-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы

      Ж. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады