"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 2/22 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 29 сәуірде № 7901-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7637-15 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері Мемлекеттік корпорацияға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.

      Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек әрбір негіздеме бойынша ақшалай төлемдер түрінде мерзімді түрде жылына 1 (бір) рет мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан (бұдан әрі – АДР) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күніне:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар (бұдан әрі – КСР) Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізілген кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралану, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне:

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілерінің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етеушілеріне, 2025 жылғы 9 мамыр күнін қоспағанда, – 382 (үш жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылғы 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуын мерекелеуге байланысты – 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерiне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлеріне, 2025 жылғы 9 мамыр күнін қоспағанда, – 382 (үш жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылғы 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуын мерекелеуге байланысты – 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтарға - 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек белгіленген адамдарға - 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларында қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына - 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген, қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), 2025 жылғы 9 мамыр күнін қоспағанда, - 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылғы 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуын мерекелеуге байланысты – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 2025 жылғы 9 мамыр күнін қоспағанда, - 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылғы 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуын мерекелеуге байланысты – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, 2025 жылғы 9 мамыр күнін қоспағанда, – 5 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылғы 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуын мерекелеуге байланысты – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      5) 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын – сүргіндерге тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, егер:

      бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолданылған жағдайында;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы жағдайында;

      Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы жағдайында;

      қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар шешімдері бойынша қолданылуы жағдайында:

      КСР Одағы Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айырықша бас саяси Басқарма алқасынын, КСР Одағы ішкі істер халық комиссариаты мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі - ішкі істер Министрлігі жанындағы айырықша кеңестің, КСР Одағы прокуратурасы мен КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа да органдардың шешімдері бар жағдайында;

      КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ата–аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне:

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының күніне:

      Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтарына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын құрайтын аумақта тұрақты тұрған адамдарға - 51 (елу бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихат төрағасы А. Бердагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады