"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мынадай шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3831 болып тіркелген);
2) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ""Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 28 наурыздағы № 13/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4162 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы
В. Бубенко
