"Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 138 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXXIV сессиясының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 241 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 қыркүйекте № 36903 болып тіркелді

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 138 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1776-02 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 147-1-тармақпен толықтырылсын:

      "147-1. Ерекше метеожағдайлар (қалың қар, боран, көктайғақ және басқалар) кезінде қосымша техника мен персоналды тарта отырып, жұмыстардың көлемі мен жиілігін арттыра отырып, күшейтілген тазалау режимі жүргізіледі.".

      2. "Алматы қаласы Мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы
М. Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады