Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы "Павлодар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 18/160 шешіміне (Әділет департаментінде 2024 жылы 24 мамырда № 7547-14 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Павлодар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері";
2 тараудың 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.";
3 тараудың 6-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына мынадай құжаттар тізбесімен жүгінеді:";
3 тараудың 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";
3 тараудың 11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган тәртіппен екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын лицензия бар ұйымдар арқылы жүзеге асырады.".
2. "Павлодар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Павлодар аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Шугаев |
