Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының "Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 26 наурыздағы № 1/12 шешіміне (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7516-14 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешіммен бекітіліген Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
7-тармақ жаңа редақцияда жазылсын:
"Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Май аудандық мәслихатының төрағасы | М. Хызыр |