Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 253/1 Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы "____" _________ № _____ қаулысына қосымша |
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1) Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі "Павлодар облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы" № 135/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6377 болып тіркелген);
2) Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі "Павлодар облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы" № 135/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 196/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28783 болып тіркелген);
3) Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі "Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 197/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28834 болып тіркелген);
4) Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 наурыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі "Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 197/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 51/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7314 болып тіркелген);
5) Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 маусымдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі "Павлодар облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы" № 135/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 141/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7345 болып тіркелген);
6) Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 маусымдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі "Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 197/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 145/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561-14 болып тіркелген);
7) Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі "Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 197/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 318/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7631-14 болып тіркелген).
