Федоров ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 287 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140 - бабы 2 - тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы органдар:

      Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар" аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жыл сайын мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту кезінде аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде қалған бөлігін таза кірістің бір бөлігіне бөлсін.

      2. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      - осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      - осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Федоров ауданының әкімі Т. Исабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады