Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардаң бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сарыкөл ауданының әкімі | М. Шымырбеков |
қаулысына қосымша | |
Әкімдіктің | |
2019 жылғы 11 қаңтардағы | |
№ 7 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);
4) кітапханашы;
5) библиограф;
6) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
7) аккомпаниатор;
8) хореограф;
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
10) режиссер;
11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
12) қазақ, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;
13) музыкалық жетекші;
14) редактор (негізгі қызметтер);
15) ұжым (үйірме) басшысы.
3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) әдіскер;
3) нұсқаушы-спортшы.