Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 201 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 80 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 19 мамырда № 10469-10 болып тіркелді

      Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2020 жылғы 30 қарашадағы № 201 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9605 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оны ресми жарияланғаннан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Ж. Таукенов

  Әкімдіктің
  2025 жылғы 16 мамырдағы
  № 80 қаулысына
  қосымша
  Қостанай облысы
  Әулиекөл ауданың әкімдігінің
  2020 жылғы 30 қарашадағы
  № 201 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) аккомпаниатор;

      5) библиограф;

      6) кітапханашы;

      7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      9) музыкалық жетекші;

      10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      11) хореограф;

      12) барлық мамандық мұғалімдері;

      13) ұжым (үйірме) басшысы.

      3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) әдіскер;

      3) нұсқаушы-спортшы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады