"Алтынсарин ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 42 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 230 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 желтоқсанда № 37759 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алтынсарин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алтынсарин ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 42 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7672 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Сартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады