Лисаков қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 87 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2025 жылғы 20 қарашадағы № 199 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 қарашада № 37474 болып тіркелді

      Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 15 наурыздағы № 87 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидасын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және Қағидасы";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".

      2. "Лисаков қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихатының төрағасы К. Мухамадиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады