"2025 жылға арналған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 145 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 333 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 қарашада № 37434 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2025 жылға арналған тынайтқыштарға (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 145 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484-10 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады