Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2025 жылғы 12 қарашадағы № 251 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 қарашада № 37433 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

  Мәслихаттың
  2025 жылғы 12 қарашадағы
  № 251 шешіміне
  қосымша

Қостанай облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6157 болып тіркелген).

      2. "Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 101 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6808 болып тіркелген).

      3. "Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 216 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7441 болып тіркелген).

      4. "Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 66 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23353 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады