"Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13/105 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 27/232 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 маусымда № 36323 болып тіркелді

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13/105 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4690-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігі күшімен өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауаптың мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Қалаубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады