Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы №14/121 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4678-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.";
көрсетілген шешімге 1 қосымшада:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.";
келесідей мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:"5.1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;
жеке тұрғын үйді тұтынушылар үшін тұрғын үйді жылытуға арналған газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метр үшін он бес текше метрден аспайды;
2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:
бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;
бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;
4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;
есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі бекітетін бір шаршы метрге жылумен жабдықтау жөніндегі қызметті тұтыну нормалары;
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.".
2. Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және Бейнеу аудандық мәслихаты интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы | А. Бораш |