"Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 14/121 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 тамыздағы № 32/243 шешімі

      Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы №14/121 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4678-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1 қосымшада:

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігі күшімен өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы А. Бораш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады