Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 33/382 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4259 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімге 2-қосымшада:
4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Ақ желкен" тұрғын массивінде орналасқан автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 200 адам;
2) 34 шағын аудандағы "Достық үйі" ғимараты жанындағы автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 100 адам;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы | С. Закенов |
| Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 20/127 шешіміне қосымша |
|
| Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 33/382 шешіміне 1 қосымша |
Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) "Ақ желкен" тұрғын массивінде орналасқан автотұрақ алаңы;
2) 34 шағын аудандағы "Достық үйі" ғимаратының жанындағы автотұрақ алаңы;
3) 11А және 26 шағын аудандар арасындағы автотұрақ алаңы.
Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін жүру маршруты: 14А шағын ауданнан 9А шағын ауданына дейін № 7 автожолының бір бөлігі.