Жергілікті маңызы бар "Манашы" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының аумағын кішірейту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 72 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 28 наурызда № 4780-12 болып тіркелді

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармақтың 15)-тармақшасына, "Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысына және "Жергілікті маңызы бар "Манашы" мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалының жаратылыстану-ғылыми негіздемесін бекіту туралы" "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2021 жылғы 18 тамыздағы № 01-04/73 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, жергілікті маңызы бар "Манашы" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының аумағы 55 455 гектарға кішірейтілсін.

      2. "Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар құрылсын:

      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, Маңғыстау ауданының аумағында жалпы алаңы - 160 086,48 гектар жергілікті маңызы бар Тасорпа мемлекеттік табиғи қаумалы;";

      1-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, жалпы алаңы - 172 573,2 гектар, олардың ішінде: Бейнеу ауданының аумағында - 53 587,7 гектар, Маңғыстау ауданының аумағында - 118 985,5 гектар жергілікті маңызы бар "Манашы" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы.".

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады