Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 30/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 шілдеде № 36391 болып тіркелді

      Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6627-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 4 (төрт) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.";

      8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Ломакин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады