"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Жаркент қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылдың 10 қыркүйегіндегі Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаркент қаласының келесі көшелері:
1)3-ықшам ауданы №10 көшесі "Жақып Заманбеков" көшесі;
2)3-ықшам ауданы № 11 көшесі "Нұрахмет Көшербаев" көшесі;
3)3-ықшам ауданы №12 көшесі "Барат Туғанбаев" көшесі;
4)3-ықшам ауданы №13 көшесі "Мұқаш Қобдалиев" көшесі;
5)2-ықшам ауданы № 35 көшесі "Әшімбай Айтахунов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі мен Панфилов аудан әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт, жастар ісі мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі және Панфилов ауданының әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | _______________ Е. Шоқпаров |
| Аудан әкімі | __________________ М. Сағымбек |
