Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы "Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 29-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 52-225 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 28 сәуірде № 304-19 болып тіркелді

      Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы "Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 29-130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 196746 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы Б. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады