"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
"Береке" тұрғын үй алабы бойынша:
-№4 атауы жоқ жаңа көшені– Әріпбай Алыбаев көшесі;
-№5 атауы жоқ жаңа көшені – Жүсіп Әбдрахманов көшесі;
-№9 атауы жоқ көшені – Көлсай көшесі;
-№10 атауы жоқ жаңа көшені – Ақши көшесі;
-№11 атауы жоқ жаңа көшені – Қызғалдақ көшесі;
-№13 атауы жоқ жаңа көшені – Бурабай көшесі;
-№17 атауы жоқ жаңа көшені – Аманбөктер көшесі;
-№18 атауы жоқ жаңа көшені – Зеренді көшесі;
-№19 атауы жоқ жаңа көшені – Жетібай көшесі;
-№20 атауы жоқ жаңа көшені – Жиренкөл көшесі;
-№21 атауы жоқ жаңа көшені – Жұматай Жақыпбаев көшесі;
-№22 атауы жоқ жаңа көшені – Көкжиде көшесі;
-№24 атауы жоқ жаңа көшені – Алтынқорған көшесі;
-№25 атауы жоқ жаңа көшесі – Көктас көшесі;
-Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ №3 көшені - Көктен Қоңырбайұлы көшесі деп аталсын.
2. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысының және Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігінің қаулысы мен Жетісу облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысы әкімінің м.а.__________ Ә.Жақанбаев |
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы__________ Г. Тойлыбаева |