Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 43/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 мамырда № 198-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

      Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

      Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

      Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің

      Ұлытау облысы бойынша экология департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің

      Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті"

      мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және

      жер қатынастары басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 43/01
қаулысына 1-қосымша

Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері

Су объектісінің атауы

Орналасқан жері

Су қорғау аймағының ені (метр)

Су қорғау белдеуінің ені (метр)

1

Кеңгір су қоймасы

Жезқазған қаласы

135-500

100

2

Айнакөл су қоймасы

Сәтбаев қаласы

500

35

3

Қылыш су қоймасы

Қаражал қаласы

500

35-50

4

Ақтасты су қоймасы

Жаңаарқа ауданы

500

100

5

Бидайық су қоймасы

Жаңаарқа ауданы

500

35-100

6

Ақтасты өзені

Жаңаарқа ауданы

500

55-100

7

Жақсысарысу өзені

Жаңаарқа ауданы

500

35-50

8

Жамансарысу өзені

Жаңаарқа ауданы

500

35-50

9

Атасу өзені

Жаңаарқа ауданы

500

100

10

Талдыманақа өзені

Жаңаарқа ауданы

500

50

11

Тереңбұтақ өзені

Жаңаарқа ауданы

500

50

12

Құдайменді өзені

Жаңаарқа ауданы

500

35-75

13

Ақылбай өзенінің учаскесі

Жаңаарқа ауданы

500-800

50

14

Байыр өзенінің учаскесі

Жаңаарқа ауданы

500

50

15

Жезді су қоймасы

Ұлытау ауданы

500

100

16

Барақкөл көлі

Ұлытау ауданы

500

100

17

Көпкөл көлі

Ұлытау ауданы

500

100

18

Ащымайыр өзені

Ұлытау ауданы

500

35-36

19

Қаракеңгір өзені

Ұлытау ауданы

500

35-100

20

Жезді өзені

Ұлытау ауданы

500

75-100

21

Сарысу өзені

Ұлытау ауданы

1000

35-100

22

Шағырлыжиленшек өзені

Ұлытау ауданы

500

35-36

23

Дулығалыжиленшек өзені

Ұлытау ауданы

500

35-36

24

Жыланды өзені

Ұлытау ауданы

500

50-100

25

Қарғалы өзені

Ұлытау ауданы

500

50

26

Сарыкеңгір өзені

Ұлытау ауданы

500

50

27

Сарыторғай өзені

Ұлытау ауданы

500

50

28

Қумола өзені

Ұлытау ауданы

500

50

29

Байқоңыр өзені

Ұлытау ауданы

500

75-100

30

Байкоңыр өзенінің учаскесі

Ұлытау ауданы

500

35

      Ескерту:

      су қорғау аймақтары және белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалау құжаттамаларының картографиялық материалдарында көрсетілген.

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 43/01
қаулысына 2-қосымша

Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймақтарында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады