"Қордай ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 18-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 52-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 желтоқсанда № 37531 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2 тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қаңтардағы №18-2 "Қордай ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5146 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Н. Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады