"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 9 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4503 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл облысының әкімі | Е. Карашукеев |
