"Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы мәслихатының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 24-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 тамызда № 36567 болып тіркелді

      Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 40-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4401 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларында:

      27 және 28-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" төсбелгісін, куәлігін, ескерткіш лентасын тапсыру облыс (қала, аудан) әкімімен және тиісті мәслихат төрағасымен салтанатты жағдайда жүргізіледі.

      28. Атақ беру туралы куәлікке облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Атақ беру мәселелері жөніндегі құжаттамаларды жүргізу және есепке алу, дипломдарды, куәліктерді және төсбелгілерді, ескерткіш ленталарын, облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет кітабын әзірлеу және ресімдеу, талапқа сай сақтау Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен (қала, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен) жүзеге асырылады. Облыстың (қаланың, ауданның) құрмет кітабын, төсбелгілер мен оларға куәліктерді, дайындау шығындарын қаржыландыру тиісті жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. "Құрмет кітабын жүргізу Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен (қала, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен) жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады