"Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы мәслихатының 2025 жылғы 18 маусымдағы № 23-6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 шiлдеде № 36394 болып тіркелді

      Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3-8 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4919 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Осы шешіммен бекітілген Қағиданың 2 бөлімінің 7 және 13 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 245-бабы 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.";

      "13. "Жоспар аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы уәкілетті органы жайылымдарды басқару жоспарына сәйкес бес жыл кезеңге бекіткен нормативтік құқықтық акті болып табылады."

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады