Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | |
| А. Омаров |
| Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 27-531/VIII шешіміне қосымша |
Үржар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII "Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 57-18 болып тіркелген) шешімі;
2. Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 15-295/VIII "Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 302-18 болып тіркелген) шешімі;
3. Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 23-442/VIII "Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII "Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 427-18 болып тіркелген) шешімі.
