Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының "Семей қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 29 наурыздағы №23/134- VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 261-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 7 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тоқсанына бір рет "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгіне алады.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе электрондық үкіметтің веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
2. Осы шешімді интернет-ресурсқа орналастыру және мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы | |
Е. Сагандыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
________________А. Нұрлыбек
2025 жылғы "___"___________