"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 8 қазандағы "Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 285 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 784 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2157 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы әкімі | Н. Ертас |