Қазақстан Республикасының Жер Кодексiнiң 50-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабындағы 1-тармақтың 13) тармақшасына және 27-бабындағы 1-тармақтың 8) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Алматы облысында жергiлiктi жағдайларға және көрсетiлген жердi пайдалану ерекшелiктерiне байланысты меншiкке немесе жер пайдалануға берiлетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерi белгіленсін.
2. "Алматы облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің ең аз мөлшерлерін белгілеу туралы" бірлескен Алматы облыстық мәслихатының 2011 жылғы 14 қазандағы № 51-286 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 212 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2080 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облыстық мәслихатының төрағасы | Қ. Байғоджаев |
| Алматы облысының әкімі | М. Сұлтанғазиев |
| Бірлескен Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 22 қазандағы №42-233 шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы №321 қаулысына қосымша |
Алматы облысының жергiлiктi жағдайларға және көрсетiлген жердi пайдалану ерекшелiктерiне байланысты меншiкке немесе жер пайдалануға берiлетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерлерi
(гектармен) | ||||
Аудандар мен қалалардың атаулары | Жеке меншік құқығымен немесе уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің ең аз мөлшері | |||
Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына (ортақ үлестік меншік (үлестік жер пайдалану) құқығының қатысушыларына (мүшелеріне), қолданылмайды) | Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына және олардың үлестес тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн | |||
барлығы | оның iшiнде суармалы | барлығы | оның iшiнде суармалы | |
Балқаш | 5,5 | 1 | 5,5 | 1 |
Еңбекшіқазақ | 10,5 | 0,5 | 10,5 | 0,5 |
Жамбыл | 4 | 0,5 | 4 | 0,5 |
Іле | 6 | 1,35 | 6 | 1,35 |
Қарасай | 2 | 0,5 | 2 | 1 |
Кеген | 21,65 | 1,2 | 21,65 | 1,2 |
Райымбек | 21,65 | 1,2 | 21,65 | 1,2 |
Талғар | 8 | 1,27 | 8 | 1,27 |
Ұйғыр | 5 | 0,5 | 50 | 5 |
Алатау қаласы | 5 | 0,5 | 5 | 0,5 |
Қонаев қаласы | 5 | 0,5 | 5 | 0,5 |
Уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің ең аз мөлшері | ||||
Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға |
Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін | |||
барлығы | оның iшiнде суармалы | барлығы | оның iшiнде суармалы | |
Балқаш | 5,5 | 1 | 5,5 | 1 |
Еңбекшіқазақ | 10,5 | 0,5 | 10,5 | 0,5 |
Жамбыл | 4 | 0,5 | 4 | 0,5 |
Іле | 6 | 1,35 | 6 | 1,35 |
Қарасай | 2 | 0,5 | 2 | 0,5 |
Кеген | 21,65 | 1,2 | 21,65 | 1,2 |
Райымбек | 21,65 | 1,2 | 21,65 | 1,2 |
Талғар | 8 | 1,27 | 8 | 1,27 |
Ұйғыр | 5 | 0,5 | 50 | 5 |
Алатау қаласы | 5 | 0,5 | 5 | 0,5 |
Қонаев қаласы | 5 | 0,5 | 5 | 0,5 |
