Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 488 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 қыркүйекте № 36801 болып тіркелді

      Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8540-04 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен айқындалған, Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Шамбалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады