Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 108 "Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 241 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 қыркүйекте № 36820 болып тіркелді

      Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 108 "Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8572-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      4 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.";

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мәртөк аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады