Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 117 "Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 250 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 қыркүйекте № 36863 болып тіркелді

      Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8545-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы.";

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі бойынша:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы.";

      Көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында:

      4 – тармағынның 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.";

      9 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Турымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады