Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 129/16-6 "Целиноград ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 336/44-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 27 мамырда № 8951-03 болып тіркелді

      Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2017 жылғы 26 маусымдағы № 129/16-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6036 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Л.Конарбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады