"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |
| Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 қарашадағы № 338/45-VIII шешіміне қосымша |
Астана қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1150 болып тіркелген);
2. "Астана қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 511/68-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1276 болып тіркелген);
3. "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI" Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 72/10-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24057 болып тіркелген).
