"Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 823 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 желтоқсанда № 37784 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары";

      1 және 2 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 13-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын айқындайды.

      2. Мемлекеттік кірістер органдары құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимылда құқық қорғау органдары және (немесе) қаржы мониторингі бойынша уәкілетті орган беретін ақпараттың негізінде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізуді ұстау арқылы ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қолма-қол ақша қаражатын тоқтата тұру кезінде Қазақстан Республикасының "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты басшылыққа алу қажет.";

      Осы Бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес аталған Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларын жаңа редакцияда баяндау.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 823 бұйрығына
1 қосымша
  Құқық қорғау органдары және
(немесе) уәкілетті орган
ұсынатын, қылмыстық жолмен
алынған кірістерді жылыстатуға,
терроризмді қаржыландыруға
және жаппай қырып-жою
қаруын таратуды
қаржыландыруға ықтимал
қатысы болуы туралы ақпарат
алған кезде, Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін
қолма-қол ақша қаражатын және
(немесе) ақша құралдарын
уәкілетті орган айқындайтын
тәртіппен ұстап алуды (тоқтата
тұруды) жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
нысан

_____________бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті __________кеден бекеті Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын есепке алу журналы

Регистрационный номер акта

Тіркеу күні

Заңды немесе жеке тұлғаның деректері

Қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарының атауы

Сомасы/мөлшері

Пломбалардың орын саны /нөмірі

Жауапты қызметкердің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы

цифрмен

жазбаша түрде

Сақтауға алған

Сақтаудан берген

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










2










3










4










  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 823 бұйрығына
2 қосымша
  Құқық қорғау органдары және
(немесе) уәкілетті орган
ұсынатын, қылмыстық жолмен
алынған кірістерді жылыстатуға,
терроризмді қаржыландыруға
және жаппай қырып-жою
қаруын таратуды
қаржыландыруға ықтимал
қатысы болуы туралы ақпарат
алған кезде, Еуразиялық
  экономикалық одақтың кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін
қолма-қол ақша қаражатын және
(немесе) ақша құралдарын
уәкілетті орган айқындайтын
тәртіппен ұстап алуды (тоқтата
тұруды) жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Ұстап алынған (тоқтатыла тұрған) қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын беру АКТІ

      20__ жылғы "___" ________________ №
_________________________________________________________________
(акті жасалған жер (ел, елді-мекен)
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
      Ұстап алынған (тоқтатылған) қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдары

Қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарының атауы

Сомасы/мөлшері

Қолма-қол ақша қаражаттары және (немесе) ақша құралдары, оның ішінде бонкнот номиналы, чектер туралы мәліметтер

Әріптік-сандық нөмірі

цифрмен

Жазбаша түрде






      Сәйкестендіру құралы ___________________________________________________________
(орын саны, пломбалар саны мен нөмірлері)
берді лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы)____________ / _______________
(күні) (қолы) лауазымды
      тұлғасы жеке нөмерінің таңбасы
_____________________________________________________ қабылдап алды
(мемлекеттік органның/заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік органның/заңды тұлғаның
лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы)
______________________ / _______________________
(күні) (қолы)
Актінің данасын алды: __________ ________ / __________________________
(күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады