"Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына және "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 111 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 желтоқсанда № 37777 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Егер клиент пен банк арасындағы банктік қызмет көрсету шартында мұндай талаптар көзделмесе, клиент-жеке тұлға банктік шотты ашқан кезде кәсіпкерлік қызметпен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі шеңберіндегі қызметпен, нотариалдық қызметпен, адвокаттық қызметпен, атқару құжаттарын орындау бойынша қызметпен, медиация тәртібімен дауларды реттеу бойынша қызметпен байланысты операциялардың банктік шот бойынша жүргізілмегені туралы мәліметтер көрсетілетін өтініш береді.";

      26-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсаты (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін);";

      мынадай мазмұндағы 28-6-тармақпен толықтырылсын:

      "28-6. Жеке тұлға өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру үшін ағымдағы шотты ашу кезінде клиент (азамат, қандас) банкке:

      жеке басын куәландыратын құжатты;

      Салық кодексінің 77-тарауына сәйкес арнаулы салық режимін қолдана отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шотты ашу туралы өтінішті береді.".

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша гранттық қаржыландыру кезінде эскроу-шот режимінде грант алушының атына ашылған ағымдағы шоттан контрагенттің (шарт тарапының) банктік шотына олардың арасындағы шарт негізінде төлем жасалады.".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады