БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ның алдын ала (есептік) өлшемдері СҚА-ны белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлей отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тарихи қалыптасқан құрылыс салуға байланысты қолданыстағы объектілер үшін осы Санитариялық қағидалардың 26-тармағына сәйкес СҚА-ның алдын ала (есептік) мөлшерін белгілемей, СҚА-ның мөлшерін азайтуға жол беріледі.
Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген объектілер үшін СҚА есептік өлшемдер атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ) деңгейлерін және атмосфералық ауаның ластанып таралуының есептеулері және (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауы бар жоба негізінде есептеу әдісімен белгіленеді.
Халық денсаулығына зиянды әсері болмауы құжатпен расталған кезде атмосфераның ластануының жаңа көздерін немесе бар параметрлерінің өзгеруін есепке ала отырып, санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасында гигиеналық нормалар сақталған жағдайда, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік алаңдарда орналасқан жаңа өндірістер үшін (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде) СҚА-ны есептеу әдісімен белгілеуге жол беріледі.
Белгіленген (түпкілікті) СҚА объектінің СҚА шекарасында және одан тыс жерлерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ала отырып, жыл ішінде есептік параметрлерді (өндірістік қызметтің ерекшелігіне байланысты басымдық көрсеткіштер бойынша тоқсан сайын орташа тәуліктік және ең жоғары-бір реттік концентрациялар бойынша сәйкестікке) және физикалық әсер ету деңгейлеріне (шу, діріл, ЭМӨ, көзі болған кезде) растау үшін заттай зерттеулердің жылдық циклі негізінде айқындалады.
Объект пайдалануға берілген күннен бастап тиісті объектінің шаруашылық жүргізу субъектісі алдын ала (есептік) СҚА растау үшін атмосфералық ауаны, атмосфералық ауаға физикалық және (немесе) биологиялық әсер ету деңгейлерін зерттеулерді (өлшеулерді) жылдық циклде жүргізуді қамтамасыз етеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. СҚА жобасын және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды мамандандырылған ұйым әзірлейді және бекітеді және тапсырыс берушімен келісіледі. Әзірленген жобаның толықтығын, дұрыстығын және сапасын қоса алғанда, іс-шаралардың орындалуын тапсырыс беруші мен жобалау құжаттамасын әзірлеуші қамтамасыз етеді.
Осы Санитариялық қағидалардың 9-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген жобалар үшін халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау бөлігінде СҚА жобасы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйыммен келісіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
