БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 14-5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (не ол уәкілеттік берген адам) (бұдан әрі – қызмет алушы) "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" көрсетілетін мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алу үшін www.egov.kz, www. elicense.kz, www.migration.enbek.kz, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) жібередi, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі) қөрсетілген құжаттар қоса беріле отыр.";
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі бойынша ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде, құжаттар толық ұсынылған жағдайда жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды Комиссияның қарауына жібереді.
8. Комиссия шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезінде олардың "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін экономиканың басым салаларында талап етілетін кәсіптерге біліктілігі мен білімін сәйкестігін тексереді.
Анықтама беру туралы өтініш беретін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес кәсіптік стандарттарға, Қазақстан Республиикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс.
9. Комиссия шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттарды талдаудың, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген біліктілік сипаттамалары өлшемшарттарының негізінде бағалау жүргізеді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру не осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен одан бас тарту туралы ұсынынымдар береді. Комиссияның шешімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде әрбір шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "электрондық үкіметтің" веб-порталында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жергілікті атқарушы органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат ретінде жіберіледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама мерзімін ұзарту үшін мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі көзделген құжаттарды ұсынған сәйкестік кезінде жергілікті атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.";
18, 19, 20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген кезінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама жібереді.
19. Жұмыс беруші ауысқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға анықтаманы қайта рәсімдеу осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
20. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама ерікті түрде жібереді.
21. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықтаманы кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
Тиісті анықтамаға байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жергілікті атқарушы орган қолданыстағы анықтаманы кері қайтарып алуды жүргізеді.
22. Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген, сондай-ақ жұмыс беруші ауысқан жағдайда жүзеге асырылады.
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген, жұмыс беруші ауысқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Анықтама жоғалған немесе бүлінген жағдайда шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтаманың телнұсқасы беріледі.
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама жоғалған немесе бүлінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде www.elicense.kz, www.migration.enbek.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды сала отырып, өтініш береді.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықтаманың телнұсқасын береді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Анықтаманың қолданысы мынадай:
1) оның берілген мерзімі аяқталған;
2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықталған жағдайларда тоқтатылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам), егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
25. Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Ертаев |
Өтініш
Мамандығы бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы
анықтама беруді/ұзартуды/қайта рәсімдеуді/телнұсқасын беруді сұраймын
________________________________________________________________________
халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбегі
сәйкес (кәсіп, экономика саласы (экономикалық қызмет түрі) көрсетіледі.
Жұмыс беруші туралы мәлеметтер (аңықтама ұзартылған жағдайда)
_________________________________________________________________________
(Жұмыс берушінің атауы, жұмыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті
менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өтінішке:
1) __________________________________________
2) __________________________________________
3) __________________________________________
қоса беріледі.
Өтініш берілген күн: 20_жылғы "__" ___________
Өтініш берушінің қолы _______________________
"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызметтің атауы: "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жергілікті атқарушы органдар |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары | "Электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz, www. elicense.kz немесе www. mig rati on. enbek. kz. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
3 (үш) айға дейінгі мерзімге анықтама беру - 5 (бес) жұмыс күні ішінде (өтініш тіркелген күннен бастап). |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі | Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, немесе мемлекетік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесі 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
Портал жұмыс қызмет кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс күні аяқталғаннан кейін өтініш берген кезде Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Аңықтама беру үшін: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1. Басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) тізбесінде көзделген экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарына және білім деңгейіне қойылатын талаптарға және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін оларда талап етілетін кәсіптерге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығы – "1411" арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама
№ _____
20__ жылғы "__" __________
______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
______________________________________________________
Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін
біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді:
____________________________________________________________________
Халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа
орналасуы үшін басым салалар мен оларды талап етілетін кәсіптер тізбесіне сәйкес экономиканың басым салаларында, сұранысқа талап етілетін кәсіп көрсетіледі.
Анықтаманы беру үшін негіздеме _____________________________________
Анықтаманың қолданылу мерзімі ____________ бастап _____________ дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
