ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 18.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 387 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
3) осы бұйрықта 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-14) тармақшасына сәйкес әзірленді және әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
2) туристік оператор (бұдан әрі - туроператор) - туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) туристік операторлық қызмет (бұдан әрі - туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
4) туристік өнім - саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;
5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
2-тарау. Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау
3. Субсидияны алу үшін келу туризмі саласындағы туроператор ағымдағы жыл ішінде шетелдік турист тұратын туристерді орналастыру орнының орналасқан жері бойынша ЖАО-ға өтінім берілген кезге дейін ағымдағы жылында өткізілген туристік өнімнің көрсетілген қызметтері үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындары бойынша субсидия алуға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) жібереді.
Өтінімге келесі көрсетілетін құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал туроператордың өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхатты қосымша ұсынады;
2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) жөнелтуші тарап туроператорының мөрімен расталған шетелдік туристер тізімін қоса бере отырып, резидент емес туроператормен туристік қызмет көрсетуге арналған әріптестік шарттың (бұдан әрі - Шарт) көшірмесі;
4) келу және ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
5) Шарт бойынша банктік құжат немесе туристік өнімге ақы төлеу туралы фискалдық чек;
6) шетелдік турист тұратын туристерді орналастыру орнының мөрімен расталған руминг-парақ.
4. Туроператордан келіп түскен өтінімдерді қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санынан тұрады, кемінде 7 (жеті) адамды құрайтын комиссия мүшелерінің арасынан төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.
Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы ЖАО қызметкерлері қатарынан тағайындалады.
Комиссия құрамына сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлері палаталардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері, бизнес және ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссия отырыстарын өтінімдердің түсуіне қарай өткізеді.
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттардың (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ЖАО тіркейді және олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде толықтығын қарайды.
Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, ЖАО оларды жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде келу туризмі саласындағы туроператорға қайтарады.
Құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде, келу туризмі саласындағы туроператор құжаттар топтамасын қайта ұсынады.
6. Ұсынылған құжаттар топтамасын осы Қағидалардың 3-тармағымен белгіленген мерзімдерді сақтамау жағдайда ЖАО қараусыз қайтарады.
7. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, комиссия олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімі өтпеген, олардың осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келген жағдайларда, шетелдік турист туристерді орналастыру орындарында кемінде төрт күн және үш түн тұрған, шетелдік туристі туристерді орналастыру орындарында "е-Hotel" ("е-Qonaq") ақпараттық жүйесі арқылы тіркеген жағдайда келу туризмі саласындағы туроператорға субсидияны төлеу туралы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, келу туризмі саласындағы туроператорға субсидияны төлеуден бас тарту туралы.
8. Келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша келу туризмі саласындағы туроператордың ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау туроператор хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссияның шешімі негізінде ЖАО мемлекеттік келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы нәтиже немесе келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
9. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, көшірмесі келу туризмі саласындағы туроператоратына жазбаша хабарламамен жіберіледі.
10. Комиссияның келу туризмі саласындағы туроператорға субсидияны төлеу туралы шешімінің негізінде ЖАО қырық жұмыс күні ішінде келу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнім бойынша Қазақстан Республикасына келген әрбір шетелдік турист үшін 15 000 (он бес мың) теңге мөлшеріндегі субсидия сомасын өтінімде көрсетілген екінші деңгейдегі банкте ашылған оның есеп шотына аударуды жүзеге асырады.
11. Субсидияны бақылау, мониторингілеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындары бойынша субсидия алуға арналған өтінім
Әрбір шетелдік турист үшін шығындарды өтеуге субсидия алуға арналған өтінімді қарауды сұраймын (бұдан әрі – субсидия).
1. Туроператор туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы _____________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ____________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________
___________________________________________________________________
заңды тұлғаның нақты орналасқан жері _________________________________
___________________________________________________________________
телефон нөмірі ______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________________________
жеке басты куәландыратын құжат:______________________________________
нөмірі ______________________________________________________________
кім берді ___________________________________________________________
берілген күні _______________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________
телефон нөмірі _____________________________________________________
2. Туроператордың туроператорлық қызметі туралы мәліметтер:
Лицензия № ____________________________кіші түрлері_________________
Лицензияны алған күні ______________________________________________
3. Екінші деңгейдегі банктің атауы, онда ашылған есеп айырысу шоты
___________________________________________________________________
4. Шетелдік турист (ер) туралы жалпы мәліметтер:
№п\п | Шетелдік туристің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Шетелдік туристің Қазақстан Республикасында болу кезеңі |
1. | ||
2. | ||
3. |
5. Тиесілі субсидияны алдын ала есептеу _________________________
(____________________________________________________________) теңге.
6. Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларының 3-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1) _______________________________
2) _______________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
_________________________________
(Жеке тұлғаның қолы немесе
заңды тұлғаның атауы)
Мөр (болған кезде)
Өтінім берілген күні "____" __________ 20____ жыл
Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
3. Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техникаларға мыналар жатады:
1) арқанды жолдар (траволаторлар (таспалы көтергіштер), бугель (шынжырлы көтергіш), арқанды-креслолы жол, кабина түріндегі гондольды жол, комби (құрамдастырылған жол (креслолары бар кабина), бейби лифт (тіреусіз ілмекті көтергіш);
2) трассаларды жасанды қарсыздандыру жүйесі (ұтқыр қар генераторлары (тасымалданатын), стационарлық қар генераторлары, қар мылтықтары мен зеңбіректері);
3) қар тығындау техникасы (ратрактар).
2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
4. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін мәлімделген тау шаңғысы курорты орналасқан жері бойынша ЖАО-ға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың 1 маусымға дейін жібереді.
5. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жіберілетін өтінімге қоса береді:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуды растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, кредитке сатып алған жағдайда - кредиттік шарт).
Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы шетелдік өндірушіден немесе электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын сатушыдан сатып алған кезде, сатып алу бойынша шығындар тауарларға арналған кедендік декларацияның көшірмесімен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінім көшірмесімен расталады;
3) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы өткізетін кәсіпкерлік субъектісі және сатып алатын кәсіпкерлік субъектісі арасындағы тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы қабылдау-беру актісінің көшірмесі;
4) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техникаға арналған техникалық паспорттардың көшірмелері;
5) тау шаңғысы курортын иелену құқығын немесе оның өзге де заңды негізін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) тау шаңғысы курорттарына арналған сатып алынған жабдықтар мен техниканы, оларды тау шаңғысы курорттарына жеткізгеннен, сондай-ақ монтаждағаннан және орнатқаннан кейін техникалық құралдармен жүргізілген фото- және бейнетіркеу материалдары;
7) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Осы тармақтың 7) тармақшасының ережесі:
Салық кодексінің 99-101-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ЖАО тіркейді және олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде толықтығын қарайды.
7. Ұсынылған құжаттар топтамасын ЖАО мынадай жағдайларда қараусыз қайтарады:
1) кәсіпкерлік субъектісімен құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
2) осы Қағидалардың 4-тармағымен белгіленген мерзімдерді сақтамау.
ЖАО құжаттар топтамасын қайтару себептерін көрсете отырып, олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарламамен құжаттар топтамасын қайтаруды жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектісіне құжаттардың толық болмауы себебі бойынша құжаттар пакеті қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.
Өтінім беру мерзімдерін сақтамау себебінен құжаттар топтамасы қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде өтінімді қайта береді.
8. Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған құжаттардың толық топтамасын қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.
Комиссия кемінде 7 (жеті) адамды қамтитын мүшелердің тақ санынан тұрады, олардың ішінен төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.
Комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы ЖАО қызметкерлері қатарынан тағайындалады.
Комиссия құрамына сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлері палаталардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері, бизнес өкілдері кіреді.
9. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігін қарайды.
Құжаттар топтамасын қарау қорытындылары бойынша комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келген кезде кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
2) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келмеген кезде кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.
10. Шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау кәсіпкерлік субъектісі хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссияның шешімі негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтиже немесе кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
11. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, көшірмесі кәсіпкерлік субъектісінің атына жазбаша хабарламамен жіберіледі.
12. Кәсіпкерлік субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеуді жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.
13. Өтем мөлшері осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттамада көрсетілген тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника құнының жиырма бес пайызын құрайды.
14. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. Шетелдік валюталарында жұмсалған шығындар тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамдары бойынша қайта есептеуге жатады.
15. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша сомаларды екінші деңгейдегі банкте ашылған және өтінімде көрсетілген кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына тиісті қаражаттың түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 "Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген тәртіппен аударады.
16. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:
1) жұмыскерлер санын ұлғайту;
2) қосылған құн салығын ұлғайту.
Осы тармақтың 2 тармақшасының ережесі:
Салық кодексінің 99-101-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
Өзара міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.
Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінім
Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімді қарауды сұраймын.
1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________
___________________________________________________________________
мекен-жайы және нақты орналасқан жері ________________________________
телефон нөмірі ______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_______________________________________
кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның нөмірі ________________________
жеке басты куәландыратын құжат:
нөмірі ______________________________________________________________
кім берді ___________________________________________________________
берілген күні ________________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы ______________________________________________
телефон нөмірі _____________________________________________________.
2. Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника туралы мәліметтер:
№ | Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника атауы | Құны (теңге) | Саны (дана) |
1 | |||
2 | |||
3 |
3. Кәсіпкерлік субъектісінің екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шотының деректемелері: _____________________________________.
4. Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1)_______________________________
2)_______________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
___________________________________
(кәсіпкерлік субъектісі басшысының
(өкілінің) қолы)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
Өтінім берілген күні: "____" __________ 20___ жыл
