"Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 818 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 желтоқсанда № 37755 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пилоттық жоба деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін жетілдіру және жаңғырту, оның ішінде өзара іс-қимыл жасау үшін ішкі бақылау жүйесіне (бұдан әрі – ІБЖ) және салық төлеушінің ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында іске асырылады.";

      5-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Деңгейлес мониторингтің оңайлатылған режимі ІБЖ қатысты ережелерді қоспағанда, осы Қағидалардың ережелерін қолдану болып табылады.

      Көрсетілген режимді SAP (systemanalyse Programmentwicklung) есептік жүйесінен өзгеше бағдарламалық қамтамасыз етуде салықтық есептілік көрсеткіштерін ашуға байланысты бухгалтерлік, салықтық, өндірістік және басқа да есепке алу түрлерін жүргізетін орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері (жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда) қолданады.

      6. Пилоттық жобаны іске асыру 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.";

      7-тармақта:

      1) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілген жылдың алдындағы жыл үшін корпоративтік табыс салығы туралы декларация бойынша салық төлеушінің декларациясына сәйкес салық кезеңінің соңында тіркелген активтердің құндық теңгерімдерінің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілетін жылдың алдындағы жылдың соңғы жылында қолданыстағы кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын;";

      жетінші абзац алып тасталсын;

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, орта кәсіпкерлік субъектілері;

      6) жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жоба алдындағы жұмыс барысында мыналар:

      бастапқы құжаттарды, салықтық тіркелімдерін, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін және әрбір салық бойынша салықтық есептілік нысандарын ұсынуға;

      салық төлеушінің бухгалтерлік есепті, салықтық және басқа да есепке алуды ұйымдастыруы және жүргізуі үшін пайдаланатын ақпараттық жүйелері (бағдарламалары), оларды автоматтандыру және өзара іс-қимыл деңгейі;

      ІБЖ, оның ішінде автоматтандыру деңгейі зерделенеді.

      12. Өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде жоба алдындағы жұмыстар 12 (он екі) айды құрайды. Жоба алдындағы жұмыстарды жүргізу мерзімі тараптардың келісімі бойынша ұзартылады.

      Салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері, жоба алдындағы жұмыстардың шеңберінде алынған ақпаратқа қатысты салық құпиясын сақтау және құпиялылық режимін сақтау шарттары да Өзара іс-қимыл туралы келісімде реттеледі.

      Өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде салық төлеуші мен Комитет арасында іс-шараларды, іске асыру мерзімдерін және жауапты тұлғаларды көрсете отырып жол картасы бекітіледі.

      Жоба алдындағы жұмыс қашықтықтан да (оның ішінде салық төлеушінің есепке алу деректері мен ішкі бақылау жүйесіне қашықтан қол жеткізуді ұсынуы арқылы), сол сияқты Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне және (немесе) оның негізгі активтері орналасқан жерге барып та (қажет болған жағдайда салық төлеушінің ішкі бақылау жүйесін және оның ақпараттық жүйелерін физикалық тексеру) жүргізіледі.

      Жоба алдындағы жұмыстардың нәтижелері бойынша Комитет, пилоттық жобаға қатысушымен осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мәселелер бойынша жоба алдындағы жұмыстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Пилоттық жоба кезеңінде Комитет пилоттық жобаға қатысушылармен бірлесіп:

      бастапқы құжаттарды, салықтық тіркелімдерін және бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін және әрбір салық бойынша салықтық есептілік нысандарын ұсынуға;

      бастапқы құжаттардың, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің, салықтық тіркелімдерінің және салықтық есептілік нысандарының арасындағы байланысты орнатуға;

      ІБЖ қалыптастыруға;

      деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеуге және енгізуге, осы жүйені Комитетпен интеграциялауға қойылатын талаптарды әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізеді.

      16. Комитет 2026 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде:

      бастапқы құжаттарды, салықтық тіркелімдерін және бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін және әр салық бойынша салықтық есептілік нысандарын ұсынуға;

      бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық тіркелімдері және салықтық есептілік нысандары арасында байланыс орнатуға;

      ІБЖ қалыптастыруға;

      деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеуге және енгізуге, осы жүйені Комитетпен интеграциялауға талаптарды әзірлейді.

      Бұл ретте Пилоттық жобаға қатысушы 2026 жылғы 1 қазанға дейін деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеу және (немесе) енгізу, интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізеді.";

      30 және 31-тармақтар алып тасталсын;

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Салық кезеңдері үшін деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігі, салық тіркелімдері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері және бастапқы құжаттар орналастырылған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық тексерулер Салық кодексінің 145-бабының 6 тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ фиктивтілік белгілері, жалған құжаттар жасау және (немесе) деңгейлес мониторинг үшін пайдаланылатын бухгалтерлік және салықтық ақпараттық жүйелердегі деректерді бұрмалау белгілері болған қаржы-шаруашылық операцияларын белгілеу кезінде жүргізіледі.

      Бұл ретте Салық кодексінің 145-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық тексерулер жылына 1 (бір) реттен артық жүргізілмейді.

      Салықтық бақылау Пилоттық жоба туралы келісім жасалған күнге дейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Пилотық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап:

      деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігі, салық тіркелімдері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері және бастапқы құжаттар орналастырылған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын;

      деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігі, салық тіркелімдері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері және бастапқы құжаттар орналастырылмаған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде жүргізілетін салықтық бақылау (сұрау салулар, талаптар, мәліметтер) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде жоба алдындағы жұмыстар және пилоттық іске асыру кезеңінде Пилоттық жобаға қатысушының анық емес мәліметтерді ұсынғаны анықталған кезде, құжаттарды қолдан жасау, жалған белгілері бар қаржылық-шаруашылық операциялар және (немесе) бухгалтерлік, салықтық және есепке алудың өзге де түрлерінің деректері, оның ішінде деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесінде бұрмалау анықталған кезде, Пилоттық жобаның осындай қатысушысымен жасалған Өзара іс-қимыл туралы келісім және (немесе) Пилоттық жоба туралы келісімді Комитет тиісті хабарламамен біржақты тәртіпте бұзады.";

      36-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) есепке алу және салықтық есепке алу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде хабарлау;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады