БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде:
"Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өнімнің экспорты, кері экспорты, транзиті және қайта өңделуі кезіндегі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға жататын өнім" бөлігінде:
2В201 тармағы а тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2В201 тармақ бойынша бақыланатындарды қоспағанда дайындаушының техникалық ерекшелемесіне сәйкес бір мезгілдік "контурлық басқару" үшін электронды құрылғылармен жабдықталған металдарды, "керамиканы" немесе "композициялық материалдарды" кесуге немесе өңдеуге арналған станоктар.
а. МЕСТ ISO 230-2-2016 "Станоктарды сынау нормалары және ережелері. 2-бөлім. Сандық бағдарламалық басқарумен станоктар осьтерінің орналасуының дәлдігі мен қайталануын анықтау" стандартының немесе оның ұлттық баламаларының талаптарына сәйкес мынадай әдістемелерді қолдана отырып, өлшеу нәтижесінде алынған орналасу нақтылығының белгіленген деңгейлері, егер бұған ұлттық реттеуші органдар рұқсат етсе, жекелеген станокқа арналған дербес өлшеулердің орнына станоктың әр моделі үшін пайдаланылуы мүмкін. Белгіленген орналасу нақтылығының дәлдігін айқындау:
1. Бағаланатын модельдің бес станогын таңдау;
2. МЕСТ ISO 230-2-2016 "Станоктарды сынау нормалары және ережелері. 2-бөлім. Сандық бағдарламалық басқарумен станоктар осьтерінің орналасуының дәлдігі мен қайталануын анықтау" стандартына сәйкес сызықты осьтердің дәлдігін өлшеу;
3. Әрбір станоктың әрбір осьі үшін дәлдік мәндерін (A) айқындау.
Дәлдік мәнін есептеу әдісі МЕСТ ISO 230-2-2016 "Станоктарды сынау нормалары және ережелері. 2-бөлім. Сандық бағдарламалық басқарумен станоктар осьтерінің орналасуының дәлдігі мен қайталануын анықтау" стандартында сипатталған;
4. Әрбір ось үшін орташа дәлдік мәндерін айқындау. Бұл орташа мән осы үлгідегі әрбір ось үшін орналасу нақтылығының белгіленген дәлдігі мәніне айналады (^ Ax ^ Ay) дегенді білдіреді;
5. 2В201 әрбір сызықтық оське қатысты болғандықтан, орналасу нақтылығының белгіленген мәндерінің саны сызықтық осьтердің санына сәйкес келуі тиіс;
6. Егер 2В001.а., 2В201.b. немесе 2B201.c. тармақшалары бойынша бақыланбайтын кез-келген станок осьінде тегістеу станоктары үшін 6 мкм немесе одан кем (жақсы), және фрезерлік және токарь станоктары үшін 8 мкм немесе одан кем (жақсы) орналасу дәлдігінің белгіленген мәндері, екеуі де ІSО 230-2: 1988 (1988) (1) -ге сәйкес болса, онда станок жасаушы он сегіз айда бір рет дәлдігінің деңгейін растауы керек.
2В201 тармағы d тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
d. МЕСТ ISO 230-2-2016 "Станоктарды сынау нормалары және ережелері. 2-бөлім. Сандық бағдарламалық басқарумен станоктар осьтерінің орналасуының дәлдігі мен қайталануын анықтау" халықаралық стандартына сәйкес кез келген сызықтық ось бойымен (жалпы орналасу орны) 35 мм асатын диаметрлі бөлшекті өңдеу үшін жарамды станоктар үшін 6 мкм-ге тең немесе одан жоғары "барлық өтемақы мүмкіндіктерімен" орналасу дәлдігі бар токарь станоктары.
Ескертпе: 2В201а.3. және 2B201b.3. тармақтары 5 немесе одан да көп осьтері бар, параллелді сызықтық кинематикалық құрылымға (мысалы, алты осьтері бар) негізделген станоктарды қамтиды, олардың ешқайсысы айналу осьі болып табылмайды.
2В201 а. 8459 31 000 0
8459 39 000 0
8459 51 000 0
8459 61 100 0
8459 61 900
8459 69 100 0
8459 69 900 0
8464 90 000 0
8465 92 000 0
8457 20 000 0
8457 30
8459 69
2В201 b. 8460 12 100
8460 19
8460 22
8460 23
8460 24
8460 29
8460 31 000
8460 39 000 0
8460 40
8460 90
8465 93 000 0
8457 30
8460 29
8464 20;
"10-санат. 0-9 санаттарда қамтылмаған, экспорт және импорт кезінде ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын өнім*" бөлігінен:
19 жол алып тасталсын:
"
11 | 10А910 | 8542 31 901 0 | Электрондық интегралды схемалар: сақтау құрылғыларымен, түрлендіргіштермен, логикалық схемалармен, күшейткіштермен, синхронизаторлармен немесе басқа интегралды монолитті схемалармен біріктірілген немесе біріктірілмеген процессорлар мен контроллерлер | Ескерту. 10А910 тармағына енгізілген барлық өнімнің импорты бақыланбайды |
";
19 жол алып тасталсын:
"
19 | 10А918 | 8526 91 200 0 | Радионавигациялық Аппаратура: радионавигациялық қабылдағыштар |
";
22 жол алып тасталсын:
"
22 | 10А921 | 8548 00 200 0 | Осы топтың басқа жерінде 85-топқа аталмаған немесе енгізілмеген электр жабдығының немесе аппаратураның бөліктері, стек динамикалық жедел есте сақтау құрылғылары және Модульдер сияқты әртүрлі типтегі есте сақтау құрылғылары | Ескерту. 10А921 тармағына енгізілген барлық өнімнің импорты бақыланбайды |
";
37 жол алып тасталсын:
"
37 | 10В936 | 8807 | 8802 немесе 8806 тауар позициясындағы ұшу аппараттарының бөліктері | Ескерту. 8806 тауар позициясындағы пилотсыз ұшу аппараттарының бөліктерін қоспағанда 10В936 тармаққа енгізілген барлық өнімнің импорты бақыланбайды. |
";
40 жол алып тасталсын:
"
40 | 10Е939 | 8534 00 900 0 | Баспа схемалары: басқа пассивті элементтермен | Ескерту. 10Е939 тармағына енгізілген барлық өнімнің импорты бақыланбайды |
";
42 және 43 жолдар алып тасталсын:
"
42 | 10А941 | 8529 10 | Барлық түрдегі антенналар мен ауа рефлекторлары; олармен пайдалануға жарамды бөлшектер | Ескерту. 10А941 тармағына енгізілген барлық өнімнің импорты бақыланбайды |
43 | 10А942 | 8529 90 | Тек қана немесе негізінен 8524-8528 тауар позицияларының аппараттарына арналған өзге де бөлшектер | Ескерту. 10А942 тармаққа енгізілген барлық өнімнің импорты бақыланбайды |
".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
