ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33023 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:
21-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысы.
Қорытындыда көрсетілген ұсынымдар қабылданбаған жағдайда - қаулы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу бойынша үйлестіруді жүзеге асырған уәкілетті ұйымның атына жауаптың көшірмесі, оларды қабылдамау себептерінің негіздемелерімен бірге;".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
