"Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 810 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 желтоқсанда № 37728 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16325 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады